14.06.2022
  132


Автор: Кәкімбек Салықов

АСТАНА – БАЙТАҚ ЕЛДІҢ БАС ҚАЛАСЫ

Қыз-қала, қызық қала салтанатты,
Көркіне бар әлемді жалт қаратты.
Секілді құс патшасы елестейді,
Есілге қонған аққу ақ қанатты.
Бар қазақ қостамаса сенер ме едім,
Таңырқап тамашаға елеңдедім.
Сәулеттің өнер жеткен тамашасы,
Көз көрді Астанада дегендерін.
Жарқырап салған ізі ұлан істің,
Ұшқыны бой тастайды тым алыстың.
Мәңгілік ел болуға шақырады
Көгілдір туы толқып қуаныштың.
Көш түзеп Тәуелсіздік бастамасы,
Жалғасты ата мирас салт-санасы.
Арманы Елбасының орындалған,
Астана – байтақ елдің Бас қаласы.





Пікір жазу