14.06.2022
  99


Автор: Кәкімбек Салықов

ЕСІЛДІҢ ЕРКЕ АҚТАСЫ

«Еңбек» атты «Атамекен» ауылым,
Сонда өттіс сәби, бөбек дәуірім.
«Анамекен» –
Үкілі Ыбырай ауылы,
Соғыс жылдар көрдім тұрмыс ауырын.
Жерорта, Қамсақты өзен қасында
Ақтас деген ауыл болды жасымда.
Көп еді ғой жан өртегіш қыздары,
Ажарлары арқау болған ғасырға.
Арқалы ауыл бар керегін таппас па,
Құдандалы аз болған жоқ жақтас та.
Екі ауылымның сұлулары аз емес,
Ерте кетіп келін болған Ақтасқа.
Екі жеңгем –
Арулары Ақтастың,
Үш келінге құда болып тап бастым.
Құдашалар,
Құдағилар көбейді,
Сұраған жаннан бізге сәлем айтпас кім?
Есіл бойы ел сүйсінген еркесі,
Жалғызтаудың Ақтас сері серкесі.
Шоқан сүйген хан-төренің жайлауы,
Жарқын көлге жақын жатқан жер төсі.
Ерке ауыл еркелігін жасады,
Екі жақтан бір күнде екі асады.
«Ақтас» десең...
Ауылдағы інілер
Әлі күнге ауыздарын ашады.





Пікір жазу