14.06.2022
  143


Автор: Кәкімбек Салықов

САҒАН ДЕГЕН САҒЫНЫШ

Астананың жаңа көше бойында,
Асыл бейнең жүрер бірге ойымда.
Есім кетер қыз-бозбала үйленген,
Сәукелелі жар-жар айтқан тойында.
Бірдей ме екен махаббатшыл қанымыз,
Егіз болып жаралды ма жанымыз?
Елеңдеймін жағасында Есілдің,
Шыдатпайды саған деген сағыныш.
«Бәйтеректің» бара қалсам түбіне,
Оранамын пәк сұлулық гүліне.
Сен деп қалып, тілдесуге ұмтылам
Таңғажайып арулардың біріне.
Айналайын, жаның нәзік балғын жан,
Қалқатайым, саған арнап салдым ән.
Күйіп-жанып кездесуге жеткенше,
Күлім қағып шыға келші алдымнан.





Пікір жазу