14.06.2022
  117


Автор: Кәкімбек Салықов

ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ежелден өмір жолы беріктеген,
Достармыз, Тұрсынбек бар, Серікпенен.
Тұрсекең қарсыласын қылқындырса,
Сері ағаң ол қылыққа елікпеген.
Қалпынан Қирабаев өзгермеген,
Баспайды бөтен сөзге көз көрмеген.
Тік тұрған құба жартас граниттей,
Қай заман билесе де өзгермеген.
Ізгі арман талай міндет өтеліп жүр,
Жетерлік ойға тартар тетелік сыр.
Мінезі таудай ауыр Сері ағаңды
Әлия қалай ғана көтеріп жүр?





Пікір жазу