14.06.2022
  92


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖАЛҒЫЗТАУ

Жалғызтау, сүйсем сені ғашығымдай,
Көкіректе шабыт селі жатыр тынбай.
Үңілем түйір тасқа үміттеніп,
Жоғалтқан бала күнде асығымдай.
Дархан жер ата-баба сайран белі,
Себеп сол сүйем десем қайдан сені.
Үкілі Ыбырайдың төл мекені,
Төрлетіп Мағжан қанат жайған жері.
Сылқым жер,
Қайың, терек, бал қарағай,
Жай тұрмас жапырағынан ән тарамай.
Көкшенің көк туынан дара тұрсың,
Өте алмас келбетіңе жан қарамай.
Толғантқан Үкілі Ыбырай «Гәккулері»,
Тебіренткен Ақан, Біржан ақ тілегі.
Өзіңдей бір ананың жалғызымын,
Өмірдің бауырында өткен тәттірегі.
Дарыған тұла бойға бай талабың,
Мен де бір түлегің деп айта аламын.
«Жалғыздың жары – Құдай» деген сөзді,
Өзге емес, саған қарап қайталадым.





Пікір жазу