14.06.2022
  97


Автор: Кәкімбек Салықов

ШОҚ ҚАЙЫҢНЫҢ СЫБЫРЫ

Ақ құбақан ақ қайың аппағын-ай,
Жерге күміс төгіп тұр, тасқа шырай.
Ақ інгеннің қасына шөккен нардай,
Көз ұшында Жалғызтау жатқанын-ай.
Ақ білектер жалғасып, біріктеліп,
Ақ балтырлар бұлқынып іріктеліп,
Шоқ қайың тұр көрші ауыл қыздарындай,
Сыбырласқан бірдеме біліп келіп.
– Қасыңдағы кім? – дейді секпіл қайың,
Тез өзгертіп тоқыған кетті жайым.
– Бізден артық жоқ екен ештеңесі, –
Деп біреуі күрсініп етті уайым.
– Ауыл қызы – аяулы қарындасым,
Көрші ауылда ағайын, бауырласым.
Қызылжарлық қазақтың қызын алдым,
Беу, құрбылар, бастарың ауырмасын!
Студенттік күндердің әсері еді,
Ол Мәскеуде бар қыздың әсемі еді.
Ақ қайыңдай, аумайды өздеріңнен, –
Дегенімде біреуі:
– Бәсе!.. – деді.





Пікір жазу