14.06.2022
124
Нашар досқа басымды көп шайқадым...
Нашар досқа басымды көп шайқадым,
Көзге өтірік мақтайды.
Кей жігітті тыңдап көп сыр байқадым,
Ол шындықты сақтайды.
Сонда менің бұлт басқан жоқ өңімді,
Көп сынады. Сынбадым.
Ертеңгі ісім болу үшін өнімді
Сыр бермедім. Тыңдадым.
Талай ауыр туса ойдың таласы
Әр қия, әр деңгейде,
Есер дос пен есті дұшпан арасы
Белгісіздеу кей-кейде.