14.06.2022
188
ЕМДЕУШІ ДӘРІГЕРІМЕ
(Гүлнәр Халиоллақызына)
Арнасам алғыс Гүлнәрға,
Түзеді ауыр жайымды.
Түскенде қатты сындарға,
Сырқаттың басын қайырды.
Ақ күміс жүзі жарқ етіп,
Көз салса көңіл баурайды.
Тапқанда емге дәл тетік,
Ақжүністен аумайды.
Әлсіреп әрең жетіп ем,
Күш-қайрат әбден молайды.
Енді мен жылдам жетілем,
Шипасы болды қолайлы.
Көтерілгені еңсемнің,
Ес кірді жолды білуге.
Сеңгірінен сексеннің
Тоқсанға қарай жүруге.
Қайтейін бәрін жөн демей,
Басқа сөз реті келмейді.
Дәрімен ғана емдемей,
Жүрегімен Гүлнәр емдейді.