14.06.2022
  166


Автор: Кәкімбек Салықов

МАХАББАТ ЖОҒАЛМАЙДЫ

Қиялым, түсім бе едің, өңім бе едің,
Келемін тарқата алмай көңіл шерін.
Аққудай айдындағы аппақ едің,
Көп жылдар көз алдымда көрінбедің.
Аңсатып қосылмайтын жол алдайды,
Көлге құс дауыл, желде қона алмайды.
Сан жылдар басқан ізің жоғалса да,
Махаббат көкіректе жоғалмайды.
Оралар құстар қайтып мекеніне,
Сене бер ауыр күндер өтеріне.
Есінен сүйген жүрек жаңылмайды,
Көнбейді бөтен жанның жетегіне.
Бақ қонар шыбын жанды сарп еткенге,
Жол табар іздеп осынау ән жеткенде.
Мен-дағы арылармын ауыр дерттен,
Дидарың көз алдымда жарқ еткенде.





Пікір жазу