14.06.2022
  97


Автор: Кәкімбек Салықов

Жан сырына бөгет болмас еш жарлық...

Жан сырына бөгет болмас еш жарлық,
Жүз жылғы ойран-топалаңға көз салдық.
Туған елім дербестікке қол созып,
Мағжан, Ахмет, Міржақыпты еске алдық.
Ұмытпадық Сұлтанбек пен Тұрарды,
Шәкәрімге ізет еттік тұмарлы.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет пен Жүсіпбек...
Аруақтарды жебеп шаттық құралды.
Жетпіс жаста Үкілі Ыбырай атылды,
Артта қалды «Гәккулері» татымды.
Зардап шекті сырын ашып аштықтың,
Зұлмат заман жойды арайлы ақылды.
Жау жағадан, ит етектен арсылдап
Алғанына шыдамассың жан сыздап.
Қырандары оққа ұшқанда қазақтың
Қарғалары төрге шықты қарқылдап.





Пікір жазу