14.06.2022
  139


Автор: Кәкімбек Салықов

Мен сүйген жұқа сары қыз

Мен сүйген жұқа сары қыз
Төрімде төре болды ана.
Балалар алды қолынан
Өмірге берік жолдама.
Болғандай үйде кілең той,
Немерелер өсті қолында.
Шөберелер жүр түзеп бой,
Жүгіріп оң мен солында.
Қайталап айтам салмақтап,
Бір сөзін ойдан сырмаңдар.
Өтіңдер оны ардақтап,
Мен сүйген жаннан туғандар.





Пікір жазу