14.06.2022
141
Сүймей-ақ қой ақынның мақтаншағын...
Сүймей-ақ қой ақынның мақтаншағын,
Бірақ сені жасқантпас шалқар шағым.
Не десең де мен өлең оқи келдім,
Ақын деме ақынның жасқаншағын.
Келе жатыр ілгері басқан шағым,
Теріп көрші жырымның ақ моншағын.
Мақтаншағың мен емес,
Өмір шыңдап,
Бас көтерген баяғы жасқаншағың.