14.06.2022
  108


Автор: Кәкімбек Салықов

Көбейді ауылдаспен кеңес бүгін...

Көбейді ауылдаспен кеңес бүгін,
Байқадым сөзге сараң еместігін.
Әлі де даусы ашық, кейбір әнді
Тамаша орындайды деп естідім.
– Тыңдап ем талай-талай асыл әнін,
Көріп ем жүзінен нұр тасығанын.
Білмеймін неге екенін, – деді, – достым, –
Айтып жүр өңшең мұңлы ғашық әнін.
Тебірентсе, адам түгіл, аспанда Айды,
Кетеді ұмыттырып басқа жайды.
Білмеймін, – деді досым, – несі барын,
Аузынан «Жезкиікті» тастамайды...





Пікір жазу