ӘУЛЕТТІҢ АЛТЫН ТІРЕГІ
(Картай Хайыровқа)
Балаға құт әкеден алған нәрі,
Әулетке мирас ұрпақ жалғағаны.
Үш әке: Балахмет, Нұржан, Айтахмет –
Атақты Сырымбеттің тарландары.
Қажыахмет – ағамыз бар Балахметтен
Нұржаннан – Еркін ерлік жасап өткен.
Ал өзім Айтахметтің үлкенімін,
Алыстан туған елді аңсап жеткен.
Тарихы бұл да Айыртау ауданының,
Шарпуы Ақан, Шоқан аруағының.
Иншалла, жүрдік біздер ақ жолында
Әкелер қиял еткен арманының.
Ал бүгін Балахметтің кенжесінің
Сәт туды паш етуге елге есімін.
Ол – Картай, ең кішіміз, дәлдеу айтсақ –
Ең соңғы керуені ел көшінің.
Ол – қазақ дипломатия қыран ері,
Ежелгі мәмілегерлер мұрагері.
Тәуелсіз ел атағын қорғап жүрген,
Нарықшыл жаңа заман Құлагері.
Картайым,
Нұрлы сәтін тапты жүрек,
Арнадым сексен жаста жарқын тілек!
Көп жаса, мүшелтойың құтты болсын,
Әулетке Алла берген алтын тірек!