14.06.2022
90
Төңірек көріктенді көктем келіп....
Төңірек көріктенді көктем келіп,
Табиғат жаны кірді көркемденіп.
Беу, шіркін!
Осы екен ғой ағынды өмір,
Мәз маусым көкірекке еккен желік.
Құс отыр құба талдың бұтағында,
Жақындап қалдым мен де тұтануға.
Ол қазір ән салады,
Мен тыңдаймын,
Ауаны әнге қосып жұтамын да.