meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.06.2022
  147


Автор: Кәкімбек Салықов

Мен неге мінезіңді теріс дейін?

Мен неге мінезіңді теріс дейін?
Боламын не айтсаң да тегіс бейім.
Сипатты сұлусың деп сүйіскенде,
Ұялып бас шайқасаң келіспеймін.
Ақ болсаң, сөге көрме ақ дегенді,
Өзгеріп кете алмайсың тап сен енді.
Өзім де көзім шалса шошып кетем
Шолпандай ұйқыдағы ақ денеңді.





Пікір жазу