14.06.2022
145
![](/uploads/shorttexts/author_image/maxresdefault-1.jpg)
НЕ ДЕР ЕДІҢ?..
Қалың еді-ау қамысы Қамсақтының,
Толғанамын жағасын аңсап бүгін.
Бір жасарып, ей, қалқа, қалар ма едім,
Бұла түндей, шіркін-ай, алсақ тыным?!
Аққу-қаздың саңқылы аулақтағы,
Қызыл шілік, құба тал қаулап бәрі.
Қызық еді-ау, шомылсақ өзенді өрлей,
Ақ мамықтай, көк толқын аунатқаны.
Арамыздың қарашы алшақтығын,
Сенен артық жалғанда аңсатты кім?!
Шыға келіп ну қамыс арасынан,
Не дер едің кездесіп қалсақ бүгін?