14.06.2022
  139


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАЙДАСЫҢДАР?

Қыз тәңірі, беу, құрбылар,
Қайдасыңдар? Не халде?
Бір көруге қылдыңдар зар,
Жол тоғыспай әуелде.
Сау ма көрік, жанарларың,
Жарқ еткенде жан алған?
Жетпей қойды хабарларың
Жанға рахат саналған.
Қандай екен тұлғаларың
Ерке сылқым еліктей?
Бұрса тағдыр шын назарын,
Көрер едім зерікпей.
Шыдау қайда жігерленбей,
Қалсам, шіркін, бір көріп.
Айырбастап жібергендей,
Кеттіңдер ме өзгеріп?
Балдырған қыз өңдеріңді
Жадымда есен сақтадым.
Өлең етіп өздеріңді,
Ақ тілекті ақтадым.
Жүрген күндер түсер көзге
Тай-құлындай желіде.
Болғам жоқ қой мүлдем өзге,
Танырсыңдар мені де.
Көктем де өтті балбырап,
Жадырап жаз да қоштасты.
Қалжырап қайтем абдырап,
Алтын күз берік достасты.
Көп өзгердім мен жырақта,
Шашым аппақ,
Қудаймын.
Кездесе қалсаң...
Бірақ та
Жақын тартпай тұрмаймын.





Пікір жазу