14.06.2022
169
КӨКШЕТАУМЕН СЫРЛАСУ
Көкшетау, таңғажайып қарлы етегің,
Көрінер қысы-жазы сәнді екенің.
Мұз басқан сексен көлді көзім шалып,
Сағынып өткен жазды әндетемін.
Қарағай дыбыс бермей қасарады,
Ақ қайың енді қашан жасарады?
Жастық шақ еске түсіп толғанамын,
Лүпілін жүректің кім баса алады?
Біздің ел кең жазықты ойлауда екен,
Оппа қар қалың тоғай, қойнауда екен.
Алдында есігіңнің ізім жатыр,
Тағы да бір келер деп ойлай ма екен?
Сырымды, сері Көкше, білсең кейін,
Таңсығым дүниеде бір сен деймін.
Шілдеге шідер салып қоя алмаймын,
Қаңтарда өзіңе ұқсап жүрсем деймін.