14.06.2022
  141


Автор: Алмат Исәділ

Бантик

Кеше тақтым ақ бантик,
Бүгін тақтым көк бантик.
Қызыл, жасыл, сап-сары –
Мендегі бар көп бантик.

Қылықтары күлкілі-ақ,
Ұлдар мені жүр сынап.
Бантигімнің байлауын,
Тарқатады жұлқылап.





Пікір жазу