14.06.2022
635
Әліппе қасиеті
Туған тілдің бастауы,
Әріптерден тараған.
Әліппеден ең алғаш,
Білім алған бар адам.
Қолыңдағы әліппе –
Әріптердің тұрағы.
Сенің аты-жөнің де,
Әріптерден тұрады.
Әліппені ашқанда,
Барлық бала қуанған.
Сенің Ана тілің де,
Әріптерден құралған.
Жаза аласың енді сен,
Отан, Ана, Бала деп,
Әліппеден аттама,
Кетсең-дағы дана боп.
Жаза аласың енді сен,
Барлық сөзді дәптерге.
Әліппені үйреткен,
Ұстазыңды қастерле!