13.06.2022
  171


Автор: Кәкімбек Салықов

КҮНӘ ҒОЙ СҮЙМЕУ СҰЛУДЫ

Памирге алыс шақырған,
Сүйсінтті құштар әуенің.
Бір әннен мыңға татыған
Махаббат көрдім әлемін.
Ақ тілек бұл да бергені,
Кездессең кенет осылай.
Тарқады көңіл кермегі,
Сайрасаң тауда тотыдай.
Қауіпті жолдар жеткізген,
Сәт келді құтты таңды арбап.
Жұмағи мезет өткізген,
Шырайың жанды жан баурап.
Сәмбі тал балқып бұралды,
Қарады төмен шың басы.
Шыбын жан құштар бір әнді
Шырқашы, қайта шырқашы.
Қорықпаймын жорта бұруды
Жеңілтек достар таратса;
Күнә ғой сүймеу сұлуды
Ақын ғып Алла жаратса.





Пікір жазу