13.06.2022
154

КЕДЕЙЛІКТІ ИГЕРУ ДЕ ДАНАЛЫҚ
Рудакидің еліне келдім дәм жазып,
Таулар-ау, таулар!
Қайда дала, кең жазық?!
Биік төрде жырын оқып дананың,
Рухани алдым өшпес мәңгі азық.
Адал ақын, ойлы ғалым, білікті,
Бақыт құсын аялай да біліпті.
Қуылғанда сарайынан патшаның,
Көп кедейлер арасында жүріпті.
Жарқын жұлдыз ойлағандай «Аймын» деп,
Айтады екен: «Менің енді қайғым жоқ.
Арамзасы, бақасы жоқ жандардың
Досы болған ең бақытты баймын», – деп.
Әу дегені – әлем сүйер жаңалық,
Дүние жалған сырын шертсе қадалып:
Ен байлық пен шен-шекпенді көксемей,
Кедейлікті игеру де даналық.