13.06.2022
  127


Автор: Кәкімбек Салықов

АҚ ТАМАҚ

Қара көз,
Тамағыңның аппағын-ай,
Талмаурап
Баппен бүлкіл қаққанын-ай!
Тілектің бірлескенін білді ме екен,
Жүректің жанып бара жатқанын-ай!
Ақ тамақ,
Тәбет тартқыш балың бар ма?!
Салдың ғой
Сүймей сөнбес жалындарға.
Көзіме елестейсің ақ киіктей,
Шақырған терең сайда сағымдарға.
Қиядан қимылыңды түсінемін,
Жалғасты күн мен түндей түсім, өңім.
Жат жерде адаспасам жарар еді,
Мен сені қолға бүгін түсіремін.





Пікір жазу