13.06.2022
  148


Автор: Кәкімбек Салықов

ӨМІРІМ МЕНІҢ, КӨҢІЛІМ МЕНІҢ

Менде ме, менде, досым,
Құрдастар көп,
Ақынжанды, ақ ниет сырластар көп.
Солар күтіп жүргендей сезінемін
Қашан тағы кезекті жыр бастар деп.
Кімім көп бұл өмірде –
Қанаттас достарым көп,
Ұшар сәтін тұратын қоштағым кеп.
Достарым көп,
Қасым аз болғаннан ба,
Есік қақпай кіретін қостарым көп.
Сыйлап жүрер өзімді,
Әрине, інілер көп.
Дәріс сұрап алдыма жүгінер кеп.
Бастан өткен ғадет қой,
Олар-дағы
Бізді сырттан айтады-ау «ірілер» деп.
«Ірілік» жоқ,
Менде әсте кішілік көп,
Қиналма, інім,
Сыр бүкпе қысылып тек.
Біздің үйдің есігі күнде ашық,
Дидарласып көр-дағы, түсініп кет.
Тың өріс,
Ой орманын аралар кеп,
Еркелейтін алдымда ағалар көп.
Ағалар-ай!
Арыстар!
Барың жақсы,
Өмір нарқын сендерсіз шамалар ма ек?
Аға-іні,
Достарды көпсінбеймін,
Тек жақсылық жанымнан
Өрсін деймін.





Пікір жазу