13.06.2022
  147


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖЕЗКИІКПЕН СЫРЛАСУ

Балғын күнде бал жүзіңе табындым,
Көптен көрмей, енді есімнен жаңылдым.
Көз алдымнан жүйткіп өтші, жезкиік,
Жанарыңның жарқ еткенін сағындым.
Желбіретші махаббаттың жалауын,
Сәтін тапсын жалғыз ғана қалауым.
Кең далада бір көрінші жол кесіп,
Желбіретіп ақ жүзіңнің алауын.
Іздеуші едім ұзап кетсең бір елі,
Енді туды бір көрудің тілегі.
Жер бетінде сенің барың – мен үшін
Жанға қуат, тынысымның тірегі.





Пікір жазу