13.06.2022
  111


Автор: Кәкімбек Салықов

КЕНЖЕ ІНІМІЗ, КӨП ЖАСА!

Бізге құт – әкелердің армандары,
Жалғаймыз артта есен қалғандары.
Балахмет, Айтахмет, Нұржан ата,
Болды әйгі Сырымбеттің тарландары.
Қажыахмет ағамыз бар Балахметтен,
Нұржаннан Еркін ерлік жасап өткен.
Ал өзім Айтахметтің үлкенімін,
Ән-жырым әр таңымды ғажап еткен.
Тарихы бұл да Айыртау ауданының,
Әсері Ақан, Шоқан аруағының.
Құдайға шүкір,
Жүрміз ақ жолында
Әкелер аңсап өткен арманының.
Ал бүгін Балахметтің кенжесінің
Атауға сәті түсті елге есімін.
Ол – Қартай,
Артымызда, дәлдеу айтсақ,
Сағағы сал домбыра пернесінің.
Ол біздің дипломатия қыран ері,
Атаға тартып туған бұлан ері.
Тәуелсіз елдің үлкен мәмілегері,
Шаң жұтпас Сырымбеттің Құлагері.
Жадында үлкендерден құйғаны бар,
Ақжолтай
Жас та болса тұлғалы нар.
Киелі мүшел жасқа келіп отыр,
Бойында мұсылмандық иманы бар.
Қартайым,
Алпыстың дәл басындасың,
Қарқының
Тұлпар мінез басылмасын.
Сілтеп қал,
Алпыс деген – ең мықты шақ,
Толағай тіршілікте асыл жасың.
Мүшелтой –
Керемет той жалғандағы,
Жастық шақ егделікке жалғанғаны.
Бұл күнде қуанышпен атайды оны
Тәуелсіздіктің топжарғандары.
Құттықтау сәтін жырмен тапты жүрек,
Көп жаса – осы біздің басты тілек.
Үбірлі-шүбірлі бол өз әкеңдей,
Әулетке Алла берген алтын тірек.





Пікір жазу