13.06.2022
  118


Автор: Кәкімбек Салықов

«ГАУҺАРТАСТЫ» ШЫРҚАШЫ

(Клара Рахмадиеваға)
Жаның сұлу нәр алған жалыныштан,
Әнің сұлу әу десең алып ұшқан.
Оралғандай қыз қалпың үзілтесің
«Гауһартасты» жаралған сағыныштан.
Ағамызбен жарасып, алға өрледің,
Отбасында әнге де мән бермедің.
Сегіз сері әйгілі «Гауһартасын»
Сенен артық маздатар жан көрмедім.
Асқақ әннің үзімтал терші гүлін,
Жер жұмағын әкелсін өршіл үнің.
Алты қабат ақ үйді жаңғыртқанда,
Әр дыбыстан естілер көршілігің.
Ән төресі нұр-шуақ төкті арайын,
Түрлендірді Астана кең сарайын.
Шырқап салшы, жеңеше, «Гауһартасты»,
Шаршап жүрмін, аз ғана демалайын.





Пікір жазу