13.06.2022
99
КАРУЗОСЫ КӨКШЕНІҢ
(Сәкен серіге)
Ақан сері, Біржан салдың ізімен
Ән салғанда нұр шашатын жүзінен.
Толғанатын, тебіренетін, балқитын,
Кездескендей төрде хордың қызымен.
Шырқағанда
Италия әсем әндерін,
Талмаурап қалды-ау
Талай сұлу сал-керім.
Әсем сазын әуелетсе Абайдың,
Елестейтін Тоғжан, кейде Әйгерім.
Әнші еді ғой,
Жеңіл бермес көш төрін,
Таза дарын
Көрдік жедел өскенін.
Сәкен еді тірі жүрген тап кеше
Мен білетін Карузосы Көкшенің.