13.06.2022
  136


Автор: Кәкімбек Салықов

МАҚПАЛҒА

Тау мақпал, торғын тоғай, дала мақпал,
Ақ мақпал көрінеді алма бақтар.
Артық боп әлемдегі бар мақпалдан
Жаралдың, ән дүлдүлі дара Мақпал.
Сарыарқа еселеген мақтанышын,
Аққұба Есіл-Нұра ақ талысың.
Мәдидей көкте бұлтқа мұңын айтқан,
Қазақтың қаз дауысты Мақпалысың.
Аңсатып «көкей кескен» ғашық дертің,
Үзімін үзбей сақтап, татымды еттің.
Күмбірін сал домбыра дірілдетіп,
Тірілттің бір қағысын Тәттімбеттің.
Байтақ ел, Мақпал десе шартарабы,
Ақ маржан, әсем қоңыр ән тамады.
Қиядан ай әлемді қызықтырып,
Сүйісті Алатаумен Қарқаралы.





Пікір жазу