13.06.2022
134
ҮЙДЕГІ БАС ДӘРІГЕР
Ғажапсың, үйдегі бас дәрігерім,
Шын бапкер, әрі кербез, әрі керім.
Қатты айтып, тәтті айтып та
Бір сүйгенің
Деп білем өзгелерден артық жерің.
Емдейсің, Мәриям, аспен, дәрімен де,
Түспейсің қисыны жоқ әбігерге.
Күш-қуат жинағанда асып тұрды-ау
Бал қымыз, ыстық құймақ бәрінен де.
Тамаша не керекті сұратпасаң,
Әкелді әл азайса шуақ тасаң.
Сол болар еңбегіңді қайтарғаным,
Тым ерте сені артымда жылатпасам.