13.06.2022
  121


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚЫЗЫЛЖАР

Ақ қайың елі жайдары,
Сарыарқа алтын айдары.
Абылай ақ үй орнатқан,
Қазақтың ғажап аймағы.
Әнші де ақын ғұрпыңнан,
Көркіңе терең сыр тұнған.
«Гауһартас» сенсің құлпырған,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.
Орман, көл толы айналаң,
«Гәккулі» өлкем жайнаған.
Сандуғаш сайда үніне
Інжу мен маржан байлаған.
Мағжандай қайсар жаралған,
Ұлдары арыс сан алуан.
Атадан мирас нәр алған,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.
Аққұба туған үлбіреп,
Гүлден де сұлу гүлдірек.
Ұлпанға тартқан ұлтжанды,
Қыздары шымқай Қыз Жібек.
Анамдай жылы жүрегі,
Есілдей көпшіл тілегі.
Достықтың берік тірегі,
Қыраны елдің – Қызылжар,
Жұмағы жердің – Қызылжар.





Пікір жазу