13.06.2022
  86


Автор: Кәкімбек Салықов

ӘР КҮННІҢ ӨЗ ЖҮГІ БАР

Дүйсенбіде қауырт істер желеді,
Сейсенбіде бос сергелдең жеңеді.
Сәрсенбіде тағдыр барын береді,
Бейсенбіде жырға батқым келеді.
Жұма күні табылар жүрек керегі,
Сенбі күні сенімді достар ереді.
Сағыныштардан жаралғаным осы ма,
Жексенбіде түсіме ауыл енеді.
Беу, інішегім,
Осының бәрін ұғып ал,
Албырт кезің,
Уақытың жоқ қой тынығар.
Жастар үшін күннің бәрі сәрсенбі,
Қарттар үшін күннің бәрі сейсенбі.





Пікір жазу