13.06.2022
  386


Автор: Кәкімбек Салықов

ШӨБЕРЕМ МЕНІҢ ӘДІЛГЕ

Шөберем келді өмірге,
Сағындырып, аңсатып.
Орнады жайлау көңілге,
Жүрекке қонды бар шаттық.
Тірліктің қызық бұл шағы,
Қызыққа мөлдір қанғаным.
Ойлағанға бұл-дағы –
Орындалған арманым.
Есен бол, Әділ, қарағым,
Ғалым бол, әйдік батыр бол.
Бек құтты болғай қадамың,
Ақиқатқа шатыр бол.
Әділ деген атыңа
Сай болсын бүкіл ғұмырың.
«Ұқсасын, – деген, – затына...»
Аллаға жетсін сыбырым.





Пікір жазу