13.06.2022
  105


Автор: Кәкімбек Салықов

КӨРМЕЙ ЖҮРІП СҮЙГЕНДЕР

Көкірегіңе көп қуаныш түйіпсің,
Ашылу аз, жабығу көп тұйықсың.
Тірліктегі бір ғажайып сол шығар,
Көрмей жүріп, көргендей боп сүйіпсің.
Қиядағы сен жез қанат киіксің,
Көңіліңе көп сағыныш үйіпсің.
Бұл жалғанда махаббаттың құлы едім,
Махаббаттан сен ерекше биіксің.
Тілегіңнің ең асылын қиыпсың,
Жырымды оқып егіз жандай ұйыпсың.
Содан болар, қай қияда жүрсең де,
Жүрегіңе жүрегімді түйіпсің.
Жырға балқып, әнге алғыс үйгендер,
Жаса, жаса, көрмей жүріп сүйгендер!





Пікір жазу