13.06.2022
  99


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАЖЫМҰРАТҚА АЛҒЫСЫМ

Төлегендей мүсінші інім қасымда,
Тұрдық үнсіз Еркін аға басында.
Осы да бір есте қалар мезет-ау,
Айқын таңба біздің шеккен ғасырға.
Белгі ғажап Ерағаңдай асылға,
Сүйсіндірер көрген дос пен қасын да.
Өшпестей боп ел алғысы жазулы
Ескерткіштің биік тұғыр тасында.
Тере берсем ой жетеді ақынға,
Сәт үйір-ау жүректері жақынға.
Еркін төрі – орталығы ауданның,
Дана туған Ғабит аға атында.
Мың сыбырлап, тебірентеді ойдағым,
Бір өзіңе алғыс айту сондағым.
Бір ауданды атап Мағжан атымен,
Сәбит, Ғабит жасап кеттің тойларын.
Мәриям апай бәрін көріп үлгерді,
Президент те оған тойлы гүл берді.
Көзім көрген, ұмытуға хақым жоқ
Жыр төгілткен сол тарихи күндерді.
Бұл күндерді десең неге толғаттың,
Қажымұрат, алғыс айтар жол таптым.
Ел Еркінмен еңіреп жүріп қоштасса,
Сен тас белгі – зор ескерткіш орнаттың.
Еңбек Ері, азамат қой аты ірі,
Маған керек жан ағаның бақұлы.
Мың, мың рақмет!
Бақытты бол, Қажеке,
Солтүстіктің сол кездегі әкімі!





Пікір жазу