13.06.2022
  131


Автор: Кәкімбек Салықов

ТІРШІЛІК

Жат қылыққа жоламас арлы кісі,
Жақсылыққа бастайды барлық ісі.
Жылап келіп, жыламай кетуді ойлар
Таусылғанша тірлікте бар тынысы.
Қыз баладай тым ерте шырайланған,
Қызығың көп, тіршілік, ұнай қалған.
Содан болар өзіңе ғашықтығым,
Өкінбестей жолымды құрайды арман.
Іші тарлар тартса да кері, мейлі,
Жақсы ұлынан туған ел жерімейді.
Алғанынан бергені көп адамның
Ешқашан да беделі кемімейді.
Ғажабы бар кей жылдар алшаңдатқан,
Азабы бар кей күннің арқандатқан.
Мезет екен тіршілік өте шығар,
Жанарындай маралдың жаутаң қаққан.





Пікір жазу