13.06.2022
132
ТОҚТАМАЙДЫ ЖҰМЫР ЖЕР
Есіме алсам өмірдегі әр ізді,
Қарақалпақ елі – жолым маңызды.
Кремльдің солдатымыз ол кезде,
Мен барам деп бергем жоқ қой арызды.
Ол өлкеге арнадым дәл бес жылды,
Арал үшін айқас бастап көш кірді.
Ең ғажабы – жаны ашымас теңізге,
Негізі бір кей есерге ес кірді.
Арал десе қыза түсіп үдеймін,
Егделікті тез ұмытып, түлеймін.
Тоқтамайды, Жер айналып барады,
Көк теңізге ұзақ ғұмыр тілеймін.
Жұмыр жердің өтер талай қонағы,
Аралға да бақ жұлдызы қонады.
Бұрынғыдай болмаса да көлемі,
Жылдар өтер, Арал қайта толады.
Жоқ десек те бүгін бізде зор табыс,
Болашағым етер үлкен қолғабыс.
Нақұрыстардың тым надұрыс ісіне
Табиғаттың өзі берер тойтарыс.