13.06.2022
112
ҚЫТАЙДА БОЛҒАН ЕЛШІМІЗ
(Жәнібек Кәрібжановқа)
Ардақтаймын
Кәрібжановтар әулетін!
Жайнатып тұр Фазыл ағам сәулетін.
Жәнібек, саған жан-жүрегім шын разы,
Көтеріскен тәуелсіз ел дәулетін.
Дәлдеп айтсам,
Ақ жүрегің кең екен,
Оны білмес арлы қазақ кемде-кем.
Қазақстан туын көкке көтеріп,
Көкшетауды басқарғаның – мерекем.
Қытайға да елші болған інімсің,
Аруақ қонған, асыл туған ірімсің.
Қызылжар мен Омбы –
Бауыр-туыстар,
Қос аймаққа жақындығың білінсін.
Мақтан етер асыл ісің көп сенің,
Туған елдің бар қажетін көкседің.
Ауыр күнде Өскеменді өрбітіп,
Құтты болсын Астанаға жеткенің!