13.06.2022
126
ШАЛҒАЙДА ҚҰШТЫ ҚАРА ЖЕР
Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.
Мерт болды Сәкен ағамыз,
Атылып кетті Мағжан да...
Үкілі Ыбырай бабамыз,
Атақты ақын Тайжан да.
Тарихқа біткен тарлан ер,
Құлады биік тұрғандар.
Шалғайда құшты қара жер
Елім деп еңіреп туғандар.