13.06.2022
  102


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАЗАҚТАНУ ТІРЕГІ

Асылын сыйлау ұлтымның –
Тұғыры берік ғұрпымның.
Кәрібжанов Фазылды
Еске алуды ұмтылдым.
Жезқазған жақта жүргенде,
Білетін жалғыз бір мен бе?
Мұхит ағай паш етсе,
Құлақты жіті түргем де.
Еңбек ері бұл ағам,
Дәстүрлі ғұрпы ұнаған.
«Қазақ болсаң – Фазыл бол», –
Дегені есте дін аман.
Мен – шахтаның бастығы,
Ол – директор сақ тілі.
Сөйлететін қазақша
Фазылға деген пәктігі.
Саясат қамал құрса да,
Өзгелер сағы сынса да,
Сөйлесетін ана тілінде
Он орыс бірге тұрса да.
Шығатын кейде назды үні,
Аз еді-ау іске мәз күні.
«Фазылдан ұят, – деуші еді, –
Шахтада қазақ аздығы».
Қанышқа берік ергенде,
Қазақтар көптеп келгенде,
Бөпежанов күшейді-ау
Фазылдан қолдау көргенде.
Етене болған елменен,
Молайса жүгім теңдеген,
Айта алмас сырды тап кеше
Ақтарып бүгін емделем.





Пікір жазу