13.06.2022
  107


Автор: Қасымхан Бегманов

АҚЫН АЗАБЫ

Жапырақтарға жел үзген,
Жабырқай қарап қыр жатты.
Тiршiлiк атты теңiзден,
Iздедiм мұңлы ырғақты.
Көлеңкесiнде ер жеттiм,
Шифрсыз тоқал тамдардың.
О, тағдыр, неге ерке еттiң,
Мен бәрiн кештеу аңғардым.
Не жылтыраса сол мода,
Жiгiттiк жеттi желпiнген.
Өлеңге ғашық сонда да,
Айыға алмадым дертiмнен.
Жастық шақ өттi жұпыны,
Сан рет сенiм қаусады.
Жүректiң тұңғыш лүпiлi,
Елiктей қыздың саусағы.
Көзiнен барша адамның,
Қуаныш пенен қайғы iшкем.
Қорлығын көрер жаманның,
Мен деген сорлы байғұс па ем...
Жапырақтарға жел үзген,
Жабырқай қарап қыр жатты.
Тiршiлiк атты теңiзден,
Iздедiм мұңлы ырғақты.





Пікір жазу