13.06.2022
  102


Автор: Қасымхан Бегманов

Сен менi мүсiркеме, аямағын...

Сен менi мүсiркеме,
аямағын,
Одан да мейiрiмдi боп,
аялағын.
Тау мен тасқа соқтыққан жүрегiммен,
Саялағым келедi,
саялағым.
Бiрер сәтке кеудеңе жүзiм басып,
Отырып ем,
көз жасың үзiлдi ақық.
Мәңгi серiк болуға жарамастан,
Отызыншы барады күзiм қашып.
Өтiнем көздерiңнен үзбе жасты,
Қарашы қайыңдарға бiзге жасты.
Басыма iс түскенде Адам түгiл,
Сырласуға жарамай күз де қашты.
Күз де қашты...
сiлкiдi сындар менi,
Қуат бердi,
сүйедi қыздар лебi.
Қайран отыз тұрма сен босағада,
Қайда алып барасың жылдар менi.





Пікір жазу