13.06.2022
94
Сен едiң қияда өскен түздiң гүлi...
Сен едiң қияда өскен түздiң гүлi,
Жайсаңдар армандаған қыздың бiрi.
Екеумiз қоштаса алмай ұзақ тұрған,
Есiмде жиде ағашы, күздiң түнi...
Қайтейiн, не болса да бағым бiлер,
Еске алсам сол бiр қызды жаным жүдер.
Сен менi тебiренттiң-ау,
толқыттың-ау,
Туған жер, сыйласқан жұрт, сағымды бел.
Сағымды бел ораған қырат-сайды,
Жүйрiгiң бiрте-бiрте жырақтайды.
Жыласа былай шыға өзi жылар,
Ақындар сүйген қызын жылатпайды.