13.06.2022
108
Тым көңiлсiз өттi қызық күзiң де
Тым көңiлсiз
өттi қызық күзiң де,
Қыздар маған хат жазбайды бүгiнде.
Құлағына сыбырлап мен ақырын:
«Ұлы шайыр болам дегем түбiнде».
Жота жатты
жазыла алмай ұйқы орап,
Сағым жақтан ойналғандай күйтабақ.
Төмен қарап үнсiз тұрдың ойлана,
Қара ағаштың қабығынан сипалап.
Ерте бiлдiм
беретiнiн тiлдiң не,
Тiлсiз өмiр сүрмедiң не, сүрдiң не.
Үнсiз ғана қимай қарап тұрып ең,
Тым алысқа ұшарымды бiлдiң бе.
Көкiрегiмде
тау теңселiп, күн күлген,
Ұлы шайыр шықпас,
бәлкiм... кiм бiлген.
Туған ауыл,
аяулы қыз,
қалды артта,
Қара жолмен көкжиекке сiңдiм мен.