13.06.2022
  126


Автор: Қасымхан Бегманов

Дала да үнсiз, сен де үнсiз тұрдың-ау...

Дала да үнсiз, сен де үнсiз тұрдың-ау,
Мендей сенi сүйер ме екен қыр мынау.
Алаш та жоқ қара көздi қарғам-ай,
Есiмдi алдың мiнезiңмен мұңдылау.
Ақ мақтадай үлбiреген, алтыным,
Бұл өмiрдiң алды күлкi, арты мұң.
Аққудайын көлiне ұшқан асығып,
Алматының аспанында қалқыдың.
Бар қайғысын қабылдаған ғасырдың,
Сендегi асыл парасатқа бас ұрдым.
Мұқағали, Төлегендi жатқа оқып,
Әнiн салған Iлиядай асылдың.
Бота айналған менiң алтын қазығым,
Сүңгi жақтың жанып тұрған жазының.
Сенiң жаның ыстығынан жаралған,
Қызыл гүлдей үлбiреген нәзiгiм.
Сертке берiк перзентiмiн даланың,
Сендей қызды асыл жанға баладым.
Доссыз қалған жылдарымда табысып,
Тарыққанда қолын созған, қарағым.
Түн жарымы, ел ұйқыда, ояумын,
Егiлуге, төгiлуге таяумын.
«Махаббат жоқ», – деген сөздi естiсем,
Көз алдыма сен келесiң, аяулым.





Пікір жазу