13.06.2022
  112


Автор: Қасымхан Бегманов

Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан...

Жайнайтын жазда гүлi мен белесi талдан,
Өлкеде мына қалқамның елесi қалған.
Бұл пәни менi қоспады сол қызыменен,
Қосады сөзсiз бар болса келесi жалған.
Қояны қойдай өлке бұл,
түлкiсi арлан,
Бұлақтарында сол қыздың күлкiсi қалған.
Таулар қоршаған ауылға күйеу бала боп,
Бiз емес, алыс Алтайдан бiр кiсi барған...
Сол бiр аруды сүйiп те,
сүйiп те сүйдiм,
Елес боп өттiң алдымнан,
Күйiкте күйдiм.
Терiс ағатын өзенге көз жасым тамып,
Махаббат мәңгi екенiн биiкте бiлдiм.
Қай белден болсын шықпайды,
жыл сайын дарын,
Өртейдi менi шiлдедей,
күн сайын жалын.
Өзенi терiс ағатын киелi өлке,
Гүлiңдi сүйген бiлшi сен, бiр шайыр барын...





Пікір жазу