13.06.2022
113
Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым...
Шыққан күнмен шуақ болып шашылдым,
Атқан таңмен қырда гүл боп ашылдым.
Жүрегiмдi ауыртады мұңдары,
Қалып бара жатқан ата ғасырдың.
Мен кеткенде қалар екен жар кiммен,
Қалар екен таңғы шықтай ар кiммен?
Аналардың көздерiнде бармын мен,
Ағалардың сөздерiнде бармын мен.
Теңiз қаңсып,
жоғалғанмен тоғандар,
Халық қалар,
өзгергенмен қоғамдар.
Бұрын өмiр
сүрiп көрген жоқ ем мен,
Өкпелетсем кешiрiңдер, Адамдар!