13.06.2022
152
Пана болмай кеңселер...
Пана болмай кеңселер,
Қалды сонау жолымда.
Бес-алты ауыз ел сенер,
Сөз қалсын деп соңымда.
Мен де жүрмiн мұрат қып,
Ойшылдайын толғанып.
Жазықсызды жылаттық,
Жетесiзден қорғанып.
Адамның жоқ жаманы,
Басқың келсе дауды егер.
Жүрiп тұрған заманы,
Алшаңдайды саудагер.
Жолатпады қасына,
Балға батқан бармағы.
Iс түскенде басыма,
Бiр досым да қалмады.
Әурелеме босқа елес,
Құдай менi қысқанға.
Опасыз сол досқа емес,
Ыразымын дұшпанға.
Құлын байлап, қозы алған,
Бұрынғы ауыл... ойланам.
Жаратылдым тозаңнан,
Топыраққа айналам.