13.06.2022
  148


Автор: Қасымхан Бегманов

Таң атады, күн батады...

Таң атады,
күн батады,
Қара жерде айналар.
Қатал тағдыр тiл қатады,
Көкiректi қайғы алар.
Бақыт сенiң қолдарыңда,
Күндер келер арайлы.
Жүрiп өткен жолдарыңда,
Өсек қардай борайды.
Қанаттылар барады ұшып,
Уақыт шiркiн зырлайды.
Қара түнде қара мысық,
Көкiректi тырнайды.
Iштен тынды-ау талай дана,
Қос iшектей септесер.
Жер басарсың қалай ғана,
Қадiрiңе жетпесе ел.





Пікір жазу